Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі
![](/uploads/posts/2023-02/1675248232_1212.jpeg)
![](/uploads/posts/2023-02/medium/1675248401_6666.jpeg)
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АНЫҚТАМА
23 желтоқсан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.
1. Ас блоктарында шамдарда қорғаныш арматурасының, ылғалдан қорғанышы бар шамдар ілінбеген.
2. Көкөністерді салатын жәшіктер, тауар қойғыштар, тегендер таңбаланбаған.
3. Жабдықтар және мүкәммалдар таңбаланбаған.
Жалпы асханада санитарлық талаптар сақталған таза, қызметкерлерлердің сыртқы киім үлгісі барлық санитарлық талапқа сай. Тиым салынған тағамдар сатылымда жоқ. Тәуліктік сынамалар дұрыс сақталған, Сынамада тамақ атауы, күні, уақыты және медбикенің қолы қойылған. Бақылау порциясы яғни бір баланың тамағы өлшемі нормаға сай, беті жабысқақ пленкамен жабылған. Асхана мен ас блогындағы бейне бақылау камералары жұмыс жасап тұр. Асхана жұмысы қанағаттанарлық.
Анықтаманы дайындаған Әлеуметтік педагог А.Т.Алшабаева