Тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ
11
декабрь
2023

Тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ (көшірме)

Қызыл қыстақ ауылы                                                      11 желтоқсан  2023ж 

Төраға: № 3жалпы орта білім беретін мектеп директоры А.Н. Темирбекова 

Отырыс өткен орын: № 3жалпы орта білім беретін мектебі 

Қатысқандар: комиссия төрайымы мен мүшелері, барлығы 6 адам.

Хатшы:  А. Т. Алшабаева 

  1. 2023 - 2024 оқу жылының қаңтар айында мектеп асханасында білім алушылардың тегін тамақпен қамтылуын тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық)комиссиясы жүргізген тексеріс қорытындысын талдау мәселесі.
  2. Әртүрлі мәселелер.

Тыңдалды:

          Отырыс комиссия төрағасы А.Н. Темирбекованың алғы сөзімен және отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерімен таныстыруымен басталды.

           Тексеріс нәтижесі бойынша сөз алған мектеп асханасында білім алушылардың  тегін тамақпен қамтылу  жұмысына жауапты маман, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.С. Қосуақоваға бүгінгі күні мектеп асханасынан тамақ ішетін  білім алушылар мен  жекеленген санаттағы  білім алушылардың күнделікті  бір мезгіл тегін тамақпен қамтылып отырғанын, қалған білім алушылар ата-ана есебінен буфеттік ақылы тамақтанатынын баяндай отырып, 4 қазандағы комиссия тексерісі "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы басқа да Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізілу керек екендігін айтты. 

Тексеріс барысында асханада  тауар көршілестігінің сақталмағаны және ас блогында нан үгіндісін жинауға арналған ыдыстың болмағандығы, пісіру цехындағы механикалық желдетудің істен шығуы анықталды.

      Анықталған кемшіліктерді 5 жұмыс күнінде жоюға аспазшы  Г. Байгонусоваға  комиссия тарапынан ұсыныс айтылды. 

Шешім:

  1. Анықталған кемшіліктерді  жоюға аспазшы  Г. Байгонусовамен шаруашылық меңгерушісі Б.Аубакировке  комиссия тарапынан ұсыныс  5 (бес) жұмыс күні ұсынылсын. 
  2. Атқарылатын барлық жұмыс бағыты мектеп әкімшілігі тарапынан қадағалансын.
  3. Шешімнің орындалуын қадағалау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. С. Қосуақова жүктелсін.


Төраға:                                                      А.Н. Темирбекова 


Мүшелері:                                                       Р.С Қосуақова 

                                                                          Б. Аубакиров 

                                                                          Н. А.Данияров

                                                                         Қ.Б.Асанқұлов 

                                                                         А. Садуахасова 

                                                                           А.К.Копжасарова 

                                                                           А. Ашимбаева 

                                                                           А. Алшабаева