Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастыру туралы
2022-2023 оқу жылында №3 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін тамақтандырудың ұйымдастырылуы және тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастыру туралы
Ақпарат
Қызыл қыстақ ауылы 16.01.2023жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына 10- қосымша «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен « Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленушіні және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы №235 бұйрығы және «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық – эпидимиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ – 76 бұйрығына сәйкес №3 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алып отырған жекелеген санаттағы балаларды 2023 оқу жылында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамту мақсатында мектепішілік тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ( бракераждық) комиссия құрамын, тиісті мамандарды бекіту, ауыз су режімін ұйымдастыру және мектеп асханасында жекелеген тамақ өнімдерін сатуға тыйым салу туралы мектеп директорының бұйрықтары шығып, бекітілді.
Бұйрықта тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия құрамы 9 (тоғыз) адамнан құрылған. Сондай – ақ тамақтандыру жұмысына тиісті мамандардың бекітілгені және мектептің интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» айдарында үздіксіз мониторинг көрсетілді.
Жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес бүгінгі күні атаулы көмек алатын 10 отбасында тәрбиеленіп отырған мектеп жасындағы 25 білім алушы мен тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік көмекке мұқтаж аз қамтылған, алқалық басқару орган шешімінің негізінде 14 отбасынан 39 білім алушы, жалпы сан 24 отбасынан 64 білім алушы 2022-2023 оқу жылының қараша – желтоқсан айларында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылды.
Қаңтар айынан бастап жалпыға білім беру қорынан 2023 жылынан бастап 14 аз қамтылған отбасының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы 2022 жылдың шілде – желтоқсан ай аралығында тұрмыстық мекенжайлары бойынша Андас батыр ауылдық округінің мамандарымен бірлесе отырып тексерілді, ол туралы тиісті актілер толтырылды, тексеру барысында барлық тексерілген барлық отбасылар әлеуметтік – материалдық көмекке мұқтаж екендігі анықталды.
Аталған қызмет көрсету стандартының талаптарына сәйкес аталған балалардың ата – аналарынан өтініштер алынып, балалардың құжаттары жинақталып, барлық мәлімет қыркүйек айында мектептің Ұлттық білім беру деректер қоры базасына енгізілді. Білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы алдағы мектеп әкімшілігі және қамқоршылық кеңес мүшелері тарапынан оқу жылы бойы қадағаланып отыр.
Жасақталған комиссия құрамы әр айдың сонында мектеп асханасына мониторинг (тексерістер) жүргізіп отыр. Мониторинг барысында мектеп асханасында санитарлық талаптардың сақталуы, асхананың жабдықталуы, ауыз су режімінің ұйымдастырылуы, асхана аспаптарының жай – күйі, қоймалардың санитарлық жағдайы, тыйым салынған тағамдардың сатылмауы, асхана қызметкерлерінің денсаулығы, сыртқы келбеті және олардың қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасалуы тексерілуде. Тексеріс қорытындылары комиссияның отырысында қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Тексеріс барысында анықталған асхана және ас – үй ыдыстарының жетіспеуі, қоймада арнайы термометрдің, гидрометрдің болмауы туралы кемшілік бойынша қазан және желтоқсан айларында аудандық білім бөліміне мектеп әкімшілігі тарапынан кезекті сұраныстар жасалды.
Өз кезегінде білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы бойынша барлық атқарылған іс – шаралар жиынтығы үздіксіз мектептің интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» айдарында салынып отыр.
Ұсыныс:
- Бекітілген кезекшілер мен сынып жетекшілері тарапынан білім алушылардың мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылуы оқу жылы бойы үздіксіз қадағалансын.
- Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия жұмысына жандандырылсын. Жұмыс бағыты күшейтілсін.
- Мектептің интернет ресурсының «Мектепік тамақтандыру» айдарында оқу жылы бойы үздіксіз мониторинг жүргізілсін.
- Сақтау мерзімі қысқа, тез бұзылатын тауарларды қабылдауда, жеткізілген тауарлар сапасына бақылау күшейтілсін.
- Өнімдердің бұзылуы тиісті актілермен расталып, атқарылған жұмыс нәтижелері аудандық білім бөліміне мәлімет ретінде жолдансын.
Анықтама дайындаған: әлеуметтік педагог А.Т.Алшабаева.