Мектеп асханасындағы ыстық тамақты ұйымдастыру » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектеп асханасындағы ыстық тамақты ұйымдастыру
28
сентябрь
2022

Мектеп асханасындағы ыстық тамақты ұйымдастыру

Мектеп асханасынада тегін ыстық тамақты ұйымдастыру

2022-2023 оқу жылында мектебімізде жалпы білім алушылар саны- 361. Бір мезгіл ыстық тамақпен аз қамтылған, көп балалы отбасы  саны 22, оның ішінде білім алушылар саны 61 оқушы толық ыстық тамақпен қамтылып отыр. Асхананың кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады. 1-5 сыныптар асханаға үшінші сабақтан кейін 15 минуттық үзілісте тамақтанса, 6-11 сыныптар асханаға төртінші сабақтан кейін 15 минуттық үзілісте тамақтануға барады.

Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізілді: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндірілді; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілуде.

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сынып жетекшілері асханаға алып барады және кезекші мұғалімдер тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.

Тамақтану блогы түрі – асхана.

Отыратын орындар саны 70 орын.

Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын ғимарат жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде ҚТ бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Біздің асханада тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектепте  әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды. Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.

Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы  қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар. Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті біздің аспаздар оған аса мән береді. Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.


Әлеуметтік педагог: А.Т.Алшабаева