Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен отбас оқушыларымен "Дұрыс тамақтану қағидалары" тақырыбында түсіндірме жұмыстары туралы ақпарат » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен отбас оқушыларымен "Дұрыс тамақтану қағидалары" тақырыбында түсіндірме жұмыстары туралы ақпарат
27
февраль
2023

Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен отбас оқушыларымен "Дұрыс тамақтану қағидалары" тақырыбында түсіндірме жұмыстары туралы ақпарат

№3 Жалпы орта білім беретін мектебінде ақпан айының 27 күні жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік- тұрмыстық  жағдайы төмен отбасы оқушыларына «Дұрыс тамақтану қағидалары» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Мектебіміздің әлеуметтік педагогы А.Т.Алшабаева білім алушыларға дұрыс тамақтанудың қағидалары мен күнделікті тамақтану режимін слайд арқылы түсіндіріп өтті.  Мектеп психологы А.Наурызбаева  оқушылармен «Менің көңіл күйім қандай?» және “Саңырау телефон” тақырыбында тренинг өтті. Оқушылардың барлығы өз ойларын ашық айтып, жақсы көңіл күйде болды. 

Сонымен қатар оқушылардан  мектептен бір мезгіл берілетін ыстық тамақ бойынша сауалнама алынды. Сауалнамада жалпы 5 сұрақ болды. Сауалнама 2-11 сыныптар арасында тегін ыстық тамақпен қамтылған  20 білім алушыдан алынды.

Мақсаты: Мектеп асханасының жұмысы туралы білім алушылардың пікірлерін білу; 
 Дұрыс тамақтану саласындағы білім алушылардың  сауаттылық деңгейін білу; 
 Мектеп асханасының кемшіліктерін анықтау

Қорытынды нәтижесінде:
 1 – сұрақ бойынша мектепте берілетін тамақ дәмді деп 100% жауап берді.
 2 – сұрақ бойынша мектептегі тамақ тойымды деп 100% жауап берді.
 3– сұрақ бойынша мектептегі тамақ күніне қайталанбайды деп 100% жауап берді.
 4 – сұрақ бойынша мектепте жеміс – жидек беріледі деп 100% жауап берді.
 5 – сұрақ бойынша мектептегі ішкен тамаққа ақша төлемейміз деп 100% жауап берді.
 Мектеп асханасы оқушыларды уақытылы сапалы тамақпен қамтамасыз етіп отыр. Оқушылардың асханаға, аспазшыларға деген ешқандай қарсы пікірлері байқалған жоқ.


Анықтаманы орындаған А.Т.Алшабаева