Материалы за Декабрь 2021 года » Страница 4 » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 5-47-94
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Декабрь 2021 года » Страница 4
"Зорлық-зомбылықсыз  16күн" жоспарына сәйкес кезекті ашық сабақ өткізілді.
08
декабрь
2021
"Зорлық-зомбылықсыз 16күн" жоспарына сәйкес кезекті ашық сабақ
"Зорлық-зомбылықсыз  16күн" науқанының жоспарына сәйкес 08.12.2021ж. күні 8-сыныптармен мұғалім Б.Тойлыбаев "Біз өз проблемаларымыз туралы және бақытты балалық шақ " тақырыбында ақпараттық шолу сабағын түрлі сұрақ-жауаптар арқылы тартымды өткізді. Балалар толығымен зорлық-зомбылыққа қарсы екендігін білдірді. Сонымен қатар әлемдегі әрбір бала бақытты алаңсыз, сенімді, қауіпсіз өмір сүруге құқылы екендігін дәлелдей білді.
"Пейзаж" тақырыбында ашық сабақ өтті
07
декабрь
2021
"Пейзаж" тақырыбында ашық сабақ өтті
Жас маман сурет, сызу пәнінің мұғалімі А.Мөңкебаев 6 сыныптың үйірме оқушыларымен "Пейзаж" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім заманауи талаптарға сай интерактивті тақтаны пайдаланып, слайд, видео арқылы сабақ өтті.Сабағында жаңа әдіс -тәсілдерді ұтымды қолдана білді.
"Вейп-денсаулыққа өте қауіпті"
07
декабрь
2021
"Вейп-денсаулыққа өте қауіпті"
07.12.2021ж. күні №3ЖОББ мектебінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 30.11.2021жылғы №18-4\1572 хатына сәйкес ДҚТЖО  Қ. Етикбаевпен  мектеп психолгтары А. Наурызбаева, Б. Алпысбаевалардың ұйымдастыруымен  "Вейп денсаулыққа өте қауіпті!" апталығының іс-шара жоспарымен таныстырып,оқушыларға вейп шылымдармен электронды сигареталарды  тұтынудың алдын алу, мектепке алып келуге тыйым салынған, пайдалануға рұқсат етілмейтін зиянды  заттар туралы айтылып, түсіндіру жұмыстары
"Зорлық-зомбылықсыз  16күн" науқанының жоспарына сәйкес кезекті ашық сабақтар өткізілді.
07
декабрь
2021
"Зорлық-зомбылықсыз 16күн" науқанының жоспарына сәйкес кезекті ашық
"Зорлық-зомбылықсыз  16 күн" науқанының жоспарына сәйкес 07.12.күні 10"А"сыныбымен қазақ тілі пән мұғалімі Ж. Үсенбаева "Әйел-ананы   қорғау" тақырыбында пікірлесу, 9"Б"сыныбымен орыс тілі пән мұғалімі Ш. Саурыкова "Жаратылысынан жүрегі кең қазақ әйелі" тақырыбымен пікірлесу сабақтарында тұрмыста жапа шегетін негізінен әйел-аналар,елімізде әйел-ананы қорғау басты мәселе екендігін,отбасындағы кикілжіңнен бала жапа шекпеуі керектігі туралы оқушылармен  кең ауқымды ойбөлісті.
Құттықтаймыз!!!!
06
декабрь
2021
Құттықтаймыз!!!!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай аудан мектептері арасында өткізілген "Таланттар әлемі" ән байқауында 12-15 жас ерекшелігі бойынша ІІ орын иеленген 8 "Ә" сынып оқушысы Тұрлыхан Нұрайым марапатталды. Алар асуың көп болсын, Нұрайым!!!
"Түнгі қала, жасөсіпірім" түнгі рейд жүргізілді
06
декабрь
2021
"Түнгі қала, жасөсіпірім" түнгі рейд жүргізілді
ДҚТЖО Қ.Етикбаевпен кезекші мұғалімдердің ұйымдастыруымен  "Түнгі қала, жасөспірім" түнгі рейдті  жүргізілді.Рейд барысында көшеде ешқандай  тәртіп бұзушылық болған жоқ.
"Қоғамда әйел құқығы сақталуы керек" тақырыбында сынып сағаты өткізілді
06
декабрь
2021
"Қоғамда әйел құқығы сақталуы керек" тақырыбында сынып сағаты
Мұғалім Ж. Төретаев 9"А"сыныбымен "Қоғамда әйел құқығы сақталуы керек",8"Б"сыныбымен Қ.Құлсариева"Әрбір әйел-ана отбасының ұйытқысы" тақырыптарында ой бөлісу сабақтарын өткізді.Бұл сабақтарда, жаратылысынан жүрегі кең аналарымыз төзімділігімен ерекшеленетіндігін, сол қайсарлығымен отбасының ұйытқысы екендігі туралы оқушылармен ой пікірлер алмасты.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
03
декабрь
2021
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қазақ күресінен "ЖАС БАРЫС" республикалық турниріне Меркі ауданының іріктеу жарысында №3ЖОББМ-нің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.Жеңістеріңіз құтты болсын.Алар асуларыңыз көп болсын!!! 
Өнертану әдістеме бірлестігінің кезекті ашық сабағы өткізілді.
03
декабрь
2021
Өнертану әдістеме бірлестігінің кезекті ашық сабағы өткізілді.
№3ЖОББМ-де Өнертау әдістеме бірлестігінің кезекті ашық сабағы өткізілді. 5"Б" сыныбымен көркем еңбек пәнінің мұғалімі Алишаева А "Өру-тоқу" өнерінің түрлері тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Өру өнеріне шолу жасау, нобай өнерімен таныстыру.Мұғалім сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланды, сынып көрнекіліктерге толы болды. Көптеген практикалық жұмыстар жасалды. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті, оқушылар белсене ат салысты, сабақ өз мақсатына жетті.
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу
03
декабрь
2021
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу
Питание сапасына мониторинг жүргізу №3 Жалпы орта білім беретін мектебінде тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу мақсатына бракеражды комиссия қоғамдық тамақтануға қойылатын талаптардың орындалуы мен мектеп асханасында күнделікті азық-түліктердің сақтау мерзімдерін және күн сайынғы ас мәзірінің сәйкестігін сонымен қатар азық-түліктің тоңазытқышта сақталуын, ас блогының санитарлық жай-күйін, піскен астың сынамаларына мониторинг жүргізілді.