Ата-аналар жиналысы
« Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің № 3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
2025-2026 оқу жылының аяқталуына орай өткізілген мектепшілік
жалпы ата – аналар жиналысының
хаттамасы.
Өткізілген күні: 2026 жыл, 17 сәуір.
Қатысқандар:45 адам, Оның ішінде 42 ата -ана, 3 мектеп әкімшілігінің мүшесі,
2 полиция қызметкері.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1.Мектеп бітіру,бастауышпен қоштасу немесе басқа да шараларда (емтихан кезінде) дастархан ұйымдастыруға, әкімшілік пен мұғалімдерге сыйлықтарға мектеп бітірушілер мен олардың ата – аналарынан ешбір қаражат жиналуына болмайтындығы, шаралардың мектеп қабырғасынан тыс жерлерде немесе арнайы көңіл көтеретін мекемелерде өтуіне, тау бөктеріне экскурсияға шығуына, мектеп бітіруші түлектердің жалға машина алып, автокөліктердің (шеру) қызметін заңсыз пайдалануына жол бермеуді қадағалау туралы.
Мектеп директоры Р.С.Косуакова
2. Балалардың білім сапасы олардың сабаққа жүйелі түрде қатысуы.Оқу жылы барысында білім сапасын арттыру, оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және тәрбиелік құндылықтарды қалыптастыру.
3.Балалардың мектептен тыс уақыттағы өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету (жаз мезгіліндегі өмір қауіпсіздігі, жол және суда шомылу, өрттің алдын алу және электр тогынан сақтану, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу т.б)
ДТІЖО М.Жолдасбекқызы
4.Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
Құқық қорғау қызметкерлері.
Сөйлегендер:Мектеп директоры Р.С.Косуакова, ДОТІЖО С.Ж.Абдуллаева,ДТІЖО М.Жолдасбекқызы,АПБ бастығының орынбасары Е.Туменбаев, Р.Нұрлыбек
Тыңдалды:
1.Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша алғашқы сөз кезегін алған мектеп директоры Р.С.Косуакова оқу жылының аяқталуына орай өткізілетін мектеп бітіру, бастауышпен қоштасу немесе басқа да шараларда (емтихан кезінде) дастархан ұйымдастыруға, әкімшілік пен мұ,алімдерге сыйлықтарға мектеп бітірушілер мен олардың ата- аналарынан ешбір қаражат жиналуына болмайтындығы, шаралардың мектеп қабырғасынан тыс жерлерде немесе арнайы көңіл көтеретін мекемелерде өтуіне, тау бөктеріне экскурцияға шығуына, мектеп бітіруші түлектердің жалға машина алып, автокөліктердің қызметін заңсыз пайдалануына жол бермеуді қадағалау туралы, іс -шараларды өткізуге аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, төлем жасау арқылы әртістерді, жеке студияларды тартуға тыйым салынатыны туралы айтты.
2.Балалардың білім сапасы олардың сабаққа жүйелі түрде қатысуына тікелей байланысты.Осы орайда бүгін оқушылардың сабаққа келуі және соңғы сабақтарға дейін қатысуы туралы мәселені бақылауымызға алуды ұсыныамын. (сабаққа кешікпей келу, толық қатысу,себепсіз қалдырулар,бақылау,жауапкершілік)
Мектеп оқушылары аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі пәндік
олимпиадаларға, ғылыми жобаларға және түрлі байқауларға белсенді қатысып,
жүлделі орындарға ие болды.
- Күн тәртібіндегі кезекті мәселе бойынша сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Жолдасбекқызы балалардың мектептен тыс уақыттағы өмірі мен қауіпсіздігін қаматамасыз ету (жаз мезгіліндегі өмір қауіпсіздігі, жолда жүру және суға шомылу, өрттің алдын алу және электр тогынан сактану, баланың терезеден құлап кетуінің алдын алу, түнгі мезгілде т.б) мағұлматтар мен ұсынымдар берді. Оқушылар түнгі уақытта ата- аналарынсыз немесе заңды өкілінсіз 23 .00 - ден кейін жүрмеуін, мереке күндері тауға, ойын - сауық орындарында жүрмеуін ата - аналар тарапынан бақылауға алуы керектігі ескертілді.
- Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кезекті сөзді алған Меркі АПБ бастығының орынбасары Е.Туменбаев Мектептен тыс уақытта , соның ішінде түнгі уақытта 23.00 - ден таңертеңгі сағат 06.00 - ге дейін кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз көшеде болуына заң аясында тыйым салынатыны туралы полиция тарапынан да мектеп тарапынан да үнемі қздіксіз айтылып келе жатқаны барлығыңызға белгілі.Балаларыңыздың тәрбиесіне, қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың әлсіреуінен құқық бұзушылық орын алып отвыр.
Қаулы етті:
Шешім:
- Оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарына ақша жинамауы туралы ескертілсін. Аттестат тапсыру шарасында дастархан ұйымдастыру, аниматор жалдау, тау бөктеріне қыдыру, мейрамханаларда атап өтеуге жол берілмейтіні қатаң бақылауда ұсталсын.
- Балалардың білім сапасы олардың сабаққа жүйелі түрде қатысуына тікелей байланысты.Осы орайда бүгін оқушылардың сабаққа келуі және соңғы сабақтарға дейін қатысуы туралы мәселені қатаң бақылауда ұсталсын.
- Балалардың мектептен тыс уақыттағы өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету (жаз мезгіліндегі өмір қауіпсіздігі, жолда жүру және суда шомылу, өрттің алдын алу және электр тогынан сақтану, баланың терезеден құлап кетуінің алдын алу, түнгі мезгілдегі көшеде жүрмеуі т.б) бойынша мектеп әкімшілігі тарапынан берілген ұсынымдар ата - аналар назарына алынсын.
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында әрбір ата - ана тарапынан жауапкершілік күшейтілсін.
Жиналыс төрайымы: Р.С.Косуакова
Хатшы: Г.Аймамбетова
№3 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
«Қауіпсіз орта- бақытты бала» тақырыбында ата-аналар жиналысы туралы анықтама
2026 жылдың 17 сәуір күні #3 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қауіпсіз орта- бақытты бала» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқушылардың білім алуы мен қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелер кеңінен талқыланды.
Күн тәртібінде:
-Бітіруші (4,9,11) сыныптарда қорытынды аттестаттау кезеңінде заңсыз ақша жинауға жол бермеу;
-Оқушылардың сабаққа толық қатысуы мен тәртібін бақылау;
-Жазғы демалыс кезеңіндегі лагерьлер мен мектеп жанындағы алаңдардың ұйымдастырылуы;
Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау;
-2026-2027 оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптар қарастырылды.
Жиналыста мектеп директоры Р. С. Косуакова, ДОТІЖО С.Ж Абдуллаева, ДТІЖО М. Жолдасбекқызы, АПБ бастығының орынбасарыЕ. Туменбаев , ҚҚБ УПИ полиция лейтенанты Р. Нұрлыбек тарапынан ата-аналарға балалардың күн тәртібін бақылау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және заң талаптарын сақтау бойынша маңызды түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта (сағат 22:00-ден кейін) қараусыз жүруіне заңсыз еңбекке тартылуына жол бермеу қажеттігі ерекше атап өтілді.
Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс- бала тәрбиесінің берік негізі. Сондықтан әрбір ата-ананы өз баласының білім алуына тәртібі және қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
Мектеп директоры: Р.С.Косуакова