Материалы за Май 2022 года » Страница 6 » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 5-47-94
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Май 2022 года » Страница 6
"Жас жолаушы және жол жүру ережесі "тақырыбында сурет байқауы өтті.
06
май
2022
"Жас жолаушы және жол жүру ережесі "тақырыбында сурет байқауы өтті.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы орынбасарының 2022 жылғы 13 сәуірдегі №03-1087-ші, №517-ші шығыс хатына сәйкес,ағымдағы жылдың 06.05.2022 күні №3 жалпы орта білім беретін мектепте "Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты айлықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, "Жас жолаушы және жол жүру ережесі " тақырыбында жас білімалушыларды жолда жүру ережесін білуге, есте сақтауға баулу мақсатында 1-4сыныптар аралығындағы сурет байқауын пән мұғалімдері Б.Адилбекова, А.Алишаева ұйымдастырып
Алғысымыз шексіз сіздерге  40 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕР!!!
06
май
2022
Алғысымыз шексіз сіздерге 40 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕР!!!
Бүгін 06.05.2022 жылы 1965жылғы 1982 жылы бітірген 40 жылдық түлектер мектебімізге үлкен сыйлық жасады. Мектебіміздің ІІ қабатының дәлізінің терезесіне терезе жапқыш (жалюз) іліп берді. Мектебіміздің директоры Темирбекова Альбина Нурлановна бастаған мектеп ұстаздары Е.К.Саурбаев, Акбұзауова Ф, Егізбаева Г т.б алғыс-тілектерін видео арқылы түлектерге жолдады. Мектебіміздің атынан бұл түлектерге МЫҢ АЛҒЫС СІЗДЕРГЕ дегіміз келеді.
«Мектеп пен отбасының нәтижелі ынтымақтастығы-бала болашағының кепілі»
06
май
2022
«Мектеп пен отбасының нәтижелі ынтымақтастығы-бала болашағының кепілі»
Ауданда «Мектеп пен отбасының нәтижелі ынтымақтастығы-бала болашағының кепілі» тақырыбында облыстық ата-аналарға арналған семинар-кеңес өтті.Әр ата-ананың бала тәрбиелеудегі мүмкіншілігін, қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 6 мамыр күні облыс көлемінде ата-аналарға арналған семинар-кеңес өтті. Іс-шараға №3жалпы орта білім беретін мектебінің ДТІЖО Ж. Т. Альмеизованың ұйымдастыруымен Ұлықбек Есдәулетовтың "Қара пима" поэмасын ДҚТІЖО Қ.
"Қайсарлық пен өр рухтың символы" тақырыбында дәріс жүргізілді.
06
май
2022
"Қайсарлық пен өр рухтың символы" тақырыбында дәріс жүргізілді.
Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай мектебіміздің АӘД пәні жетекшісі Сахов. М. С және Тарих пәні мұғалімі Төретаев. Ж. С ұйымдастыруымен 10 а. б сынып оқушыларына "Қайсарлық пен өр рухтың символы" тақырыбында дәріс жүргізілді. Дәріс барысында, оқушыларға батыр бабаларымыздың өмірі және ерлік істері жайында толық мәлімет берілді. Оқушылардың бойына өр рухтың, батырлықтың, ұлтжанды ұрпақ болып өсуіне ой салды. Оқушылар батыр бабаларымыз жайлы өз пікірін, көзқарасын, ашық, еркін жеткізе білді.  
Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс"
06
май
2022
Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс"
2 А сыныбымен Абдиманова З "Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
"Көк аспанды бағындырған батыр" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
06
май
2022
"Көк аспанды бағындырған батыр" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
10"Б" сыныбы патриоттық айлық аясында "Көк аспанды бағындырған батыр" тақырыбында тәрбие сағатын  өткізді. Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу. Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған , ұшқыш жауынгер Талғат Бигильдиновтың ерлік істері туралы әңгімелей  отырып,өмір жолын, ерлігін танытып және үлгі -өнеге тұту. Сабақ барысында Талғат Бигильдиновтың өмірбаяны, ерлігі, жетістіктері туралы оқушылар баяндама оқыды,қойылған сұрақтарға жауап берді.Оқушылар Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған атақты батырлар
"Мағжан оқулары" ғылыми- шығармашылық байқауының облыстық кезеңінен жүлделі ІІІ орынды иеленді.
06
май
2022
"Мағжан оқулары" ғылыми- шығармашылық байқауының облыстық кезеңінен
№3 ЖОББМ-нің 9 "А" сынып оқушысы Жұмахан Нұрайым  "Мағжан оқуларының " аудандық кезеңінен жүлделі орынды иемденіп , Тараз қаласында 6 мамыр  күні өткізілген "Мағжан оқулары" ғылыми- шығармашылық байқауының облыстық кезеңінен жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Даниярова Индира Нурдилдақызы.
5"Б"сыныбында "Ер есімі-ел есінде" тақырыбымен ой бөлісу сабағы өткізілді.
06
май
2022
5"Б"сыныбында "Ер есімі-ел есінде" тақырыбымен ой бөлісу сабағы
6.06.2022жылы 5"Б"сыныбында "Ер есімі-ел есінде" тақырыбымен ой бөлісу сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды Отан сүйгіштікке, елжандылыққа, өз жерін қадірлеп-қастерлеуге баулу. Сынып жетекші Б.Адилбекова білімалушыларға Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігі туралы кең ауқымды ақпараттық шолуды түсіндірді, балалар өз ойларын ортаға салды, сабақ жоғарғы дәрежеде өтті.
Ұлы жеңістің 77жыл толуына және Қарулы күштердің 30 жылдығына арналған Андас батыр округінің, футзал турнирінен №3ЖОББМ командасы жүлдемен оралды.
05
май
2022
Ұлы жеңістің 77жыл толуына және Қарулы күштердің 30 жылдығына
Ұлы жеңістің 77жыл толуына және Қарулы күштердің 30 жылдығына арналған Андас батыр округінің, футзал турнирінен өткен жарыста №3 мектеп оқушылары 3 орын иеленді, үлкен командалар арасында. Өте тартысты ойын болды, оқушылар жас шамаларына қарамастан, тамаша ойын көрсетті.  
"Ерлік ешқашанда ұмытылмайды"
05
май
2022
"Ерлік ешқашанда ұмытылмайды"
Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу - қанымызға сіңген үрдіс. Әрі мұндай өнегелі қадамның ұрпақ тәрбиесіне де тигізетін әсері мол. Осыған орай 9мамыр жеңіс күні қарсаңында  "Ерлік ешқашанда ұмытылмайды" тақырыбында мектебімізде ҰОС және ауған соғыс ардагерлерін және тыл еңбеккерлерін құрметтеу мақсатында 6-7сынып оқушыларымен 7Б сынып жетекшісі Абдуллаева С.Ж. бейнеролик ұйымдастырды.