20
ноябрь
2018
Тіл мерексі
№3 жалпы білім беретін мектебінің Қазақстан халқы тілдер мерекесін өткізу туралы мәлімет
2018 жылдың 17-22 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай «Үш тілді білу- жаһандық өмірге жолдама» тақырыбында онкүндік іс-шаралар ұйымдастырылды.Мерекенің мақсаты:Қазақстан сияқты бірнеше ұлттық өкілдері тұратын мемлекеттегі ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыруымен дамытудың негізгі фокторы. Еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерінің киелі қасиеттерімен тығыз байланыста екендігін насихаттау. Онкүндіктің жоспары алдын-ала жасалынып, мектеп әкімшілігі бекітті. Ашылуы салтанатты жиын түрінде өтті. Мерекенің ашылу салтанаты үш тілде жүргізілді. Мектеп оқушыларының орындауында тіл туралы өлеңдер оқылып, «Сарыарқа» атты кдомшертіліп, ағылшын тілінде әндер айтылды
![](http://3-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2018-11/1542703943_11.jpg)
1-4, 5-8, 9-11 сыныптарының жетекшілер «Тілім менің - тірегім»,«Тіл – ұлттың жаны», «Сүйемін туған тілді – анам тілін», «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты тақырыпта тәрбие сағаттарын жүргізді.
«Қазақстан халқының тілдерін дамыту мен қолдау» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында кітапханашы Т.Рақұлова конференция өткізді. Оқушылар өз тараптарынан қолдау көрсетіп, жан-жақты талқылап жатты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері 10-11-сынып оқушылары арасында «Ана тілің қазаынаң», «Көрікті менің көркем өлкем», «Қазақстан –қасиет қонған ел»,«Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі» тақырыптарда шығармалар байқауын жариялап, ең үздік шығармалар анықталды. Нәтижесінде 10 «А» сынып оқушысы Бейсенбай Аделяның, 11 «А» сынып оқушысы Бимұрат Балымның шығармасы «Лучший» деп танылды.
«Қазақстаным – қара шаңырағым» тақырыбында өзге ұлт оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мөңкебаева Л.Қ. өз дәрежесінде өткізді.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Демесинова А. Аймамбетова Г бірлесіп 5-6-сынып оқушылары арасында үш тілде «Полиглот» интеллектуалдық ойынын ұйымдастырып, өткізді.
Орыс тілі пәні мұғалімдері Саурыкова Ш, Таматаева П 5-8 сынып оқушылары арасында «Язык мой – друг мой!» интеллектуалды кеш ұйымдастырды. Кешке оқушылар белсене қатысып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп өлеңдер оқыды.
![](http://3-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2018-11/1542704100_03.jpg)
Онкүндіктің соңы «Қазақстан – ортақ мекенім!» атты 3-10 сынып арасында мерекелік фестиваль өткізілді. Фестивальға әр сынып оқушылары Қазақстан мемлекетінде тұратын ұлт өкілдері болып киініп, оның салт-дәстүрі,ұлттық тағамдары мен өнерлерін көрсетіп, қызығушылықтарын танытты.