29
апрель
2022
«Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлығы жүріп жатыр
№3 ЖОББМ-де 2022 жылдың 25 сәуір-25 мамыр аралығындағы «Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлық барысында «Жол жүру ережесі белгілері» тақырыбында АПБ ЖПҚ-нің учаскелік полиция инспекторы Б.Дауренбеков 27 сәуір күні 4 сынып оқушыларына дәріс өткізді.
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстырып, еске сақтауға үйретіп, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиеледі. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастырып, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндірді. Дәріс барысында жолаушылардың Көшедегі тәртіп ережесін қатаң сақтауға, жолда зейінді болу дағдыларын бойларына сіңіртіп, қоршаған ортаға мән бере қарауға, байқағыштыққа, тәртіптілікке баулыды.
![](http://3-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2022-05/1651485075_risunok1.png)