18
май
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
№3ЖОББМ-де 18.05.2022 ж лездеме өтті. Лездемедені директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Ж.Т.Альмеизова жүргізді. Лездемеде спорттық іс-шара бойынша облыс, ауданнан жүлдемен оралған оқушыларды мараптаттады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына және Балалар жылына арналған шығыс аймақтық мектептері оқушыларының арасында футбол ойынынан өтпелі кубок жүлдесі үшін өткізілген жарыста үздік ойын көрсеткені үшін 7б сынып оқушысы Бейсенбек Ернұр, Жеңіс күніне орай Алматы қаласының ДЗЮДОДАН жасөспірімдер арасындағы қалааралық біріншілігінде І орынмен 5Б сынып оқушылары Әділбек Нұрасыл Иржан Алихан, Райымбай Нұрали, ІІІ орынмен Бақытжан Арнұр, Бақытжан Алихан марапатталды. Сонымен қатар Балалар жылына орай 5-9 сыныптар арасында ұйымдастырылып жатқан қазақтың ұлттық ойыны асық ату бойынша ІІІ орынмен Фермахан Алмар, және І орынмен Чагаев Азамат, Сейтжаппар Айбек және Сұлтан Қуандық сонымен қатар №3ЖОББМ командасы марапатталды.ЖАРАЙСЫҢДАР!!!