12
октябрь
2022
Ұрпақ тәрбиесі-болашақ тірегі
![🔰](https://static.xx.fbcdn.net/images/emoji.php/v9/t6a/1/16/1f530.png)
2022 жылдың 12 қазан күні Меркі ауданына "Сенімен болашақ" Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің, Жамбыл облысы, бала құқықтарын қорғау уәкілі Бағжанов Дәурен Орайұлы келіп бірнеше кездесулер өткізді. Алғашқы жұмысын аудан әкімдігінің үлкен залында мекемеаралық кездесу өткізді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігінің балалардың құқтарын қорғау комиссия хатшысы Қ.Шырышбаева,аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ ЮПТ полиция майоры Д.Омарова, Меркі ауданының білім бөлімінің әдіскерлері Б.Культаев,М.Касымова,С.Метеркулова,А.Тулетбек,
аудандық "Ұшқын" жастар денсаулық орталығының психологі А.Метеркулова, аудандық "Жастар" ресурстық орталығының жетекшілері, білім беру мекемелерінің педагог- психологтар қатысты.
Мерейлі Меркі жерінде Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында жалғасқан кездесуге , ауданның барлық мектептерінің ата-аналар комитетінің төрағалары мен төрайымдары қатысты.
Бірлестіктің негізгі қағидалары- ұрпақ тәрбиелеумен тығыз байланысты.Ұйым еліміздегі ата-аналар қоғамдастығы арқылы саналы отбасы мәдениетін қалыптастыруды мақсат етеді. Родителям педагогикалық-психологиялық тұрғыда көмек көрсетіп, еліміздегі бала құқықтарын, білімі, денсаулығы, өзекті мәселелерді қозғайды.Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде бірлестіктің филиалдары бар.
Бүгінде 40 мыңнан аса ата-ана бірлестік мүшелері атанды.
Кездесуде бала тәрбиесіне байланысты көп әңгімелер айтылды.
Бұдан кейін" Асыл Арман " облыстық орталығының төрайымы, психолог Марал Хантөреқызы, ата-аналар мен балалары арасындағы, әркім білуі тиіс, көптеген жағдаяттарды слайдтар арқылы кеңінен тоқталып өтті. Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері Сәуле Метеркулова кездесуді қорытындылап, отбасындағы әкенің рөлі, ананың рөлі, бала тәрбиесіне ерекше ықпалы жайлы тоқталды. Қатысқан ата-аналар кездесуді ұйымдастырған
" Сенімен болашақ" бірлестігінің мүшелеріне рахмет айтты, кездесу ұнады деп, ризашылығын білдірді.
и ещё 3