01
сентябрь
2022
Білім күні
Мектебімізде 2022жылғы 1қыркүйекте Білім күнін және «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында өткізілген іс- шаралар өткізілді. Салтанатты жиын сағат 9.00-де Қазақстан Республикасының Гимнімен басталды. Білім күні мерекесі патриоттық және идеологиялық маңызы бар, жаңа оқу жылына деген үлкен сенім мен сапалы білім алуға арналған алғашқы қоңырау болып табылады. Жаңа оқу жылында болатын атаулы оқиғаларды да атап өтті.
Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиынға арнайы келген қонақтар Меркі ауданы әкімдігінің ТҮКШ,ЖК және АЖ бөлім басшысының міндетін атқарушы Отанбек Самат Бақытжанұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Асқар Думан Сәкенұлы, Андас батыр ауылдық округінің бас маманы Сүлейманова Жанат Өмірзаққызы жылы лебіздері мен тілектерін жолдады. Мекпеп директоры А.Н.Темирбекова сағынышқа толы балауса балғын оқушыларға құттықтау сөз сөйлеп, оқуға құштарлықтарын арттыра түсті.
1сынып бүлдіршіндердің сынып жетекшілері С.С.Оңалбаева мен Э.А.Бекмурзина оқушылардың өнерлерін ортаға тарту етіп, мерекелік көңіл кдом сыйлады.
Салтанатты жиынның жүргізушісі Қ.Р. Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың «Терең білім, Еңбекқорлық және Отаншылдық қасиеттерді Қазақстан жастар үшін маңызды үш басымдық» қасиеттерін нық басып айтып өтті.
Мерекелік іс- шара әсем ән мен бимен ұласты. Салтанатты жиын өз дәрежесін өткізілді.
#Bilim_quni
Ұйымдастырушы:
ДТЖО:
Альмеизова Ж.