"Ғажайып сурет әлемінде" тақырыбында жарыс сабақ өтті.
Өнертану әдістеме бірлестігінің бекітілген айлық жоспарына сәйкес, көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.Алишаева 5"А,Б" сыныбының ұлдар тобымен"Ғажайып сурет әлемінде" тақырыбында жарыс сабақ өтті.Мақсаты: Оқушылардың бейнелеу өнері туралы білімін толықтыру, жан-жақты ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Оқушлар жарыс кезінде тапсырмаларды жарыса орындады.Сайыс кезеңдерінде оқушылар өнер туралы ұлағатты сөздер айтып, жұмбақ суреттерді тауып жарысты.