«Менің болашақ мамандығым» суреттер көрмесі
6-9 қараша аралығында «Менің болашақ мамандығым» суреттер көрмесі ұйымдастырылып өткізілді. Бұл байқауға 4 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты – оқушылардың кәсіби өзанықтамасын жандандыру, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал ету, балалардың танымдық белсенділігін ынталандыру, қызығушылық танытатын мамандықтардың мәні туралы түсініктерін кеңейтуге бағытталған. Байқау жеңімпаздары жалпы мектеп лездемесінде I, II және III орындар үшін мадақтамалармен марапатталды.