«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИНАЛЫС
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ»
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИНАЛЫС
№3 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 26 қыркүйек күні мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж. Темирбаевна жиналыстың мақсаты туралы айтып түсіндірді.
Жиналыста талқыланған негізгі қауіптер:
-интернеттегі қауіптер;
-шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг;
-балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған
онлайн ойындар;
-баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін
кітаптар мен сайттар;
-әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар.
Қауіптердің алдын алу үшін не істеу керек?
- Ата-ана бақылауы
Құрылғыларда ата-ана бақылауы сүзгілерін қолданыңыз. Бұл қажетсіз контентке қолжетімділікті шектеуге көмектеседі.
Ата-ана бақылауы – бұл арнайы құралдар мен параметрлер, олар ата-аналарға балаларының интернетте және құрылғыларда (компьютерлер, планшеттер және телефондар) не істеп жатқанын бақылауға көмектеседі. Бұл балаңызды қажетсіз немесе қауіпті контенттен қорғауға, гаджеттерді пайдалану уақытын шектеуге және интернеттегі байланыстарын қадағалауға мүмкіндік береді.
Біз келесі нақты ұсыныстарды ұсынылды:
Балаңыздың телефонындағы қосымшалар мен ойындарды тексеру.
Әлеуметтік желілер мен топтарды бақылау.
Хабарламалар орнату.
Интернетті пайдалану уақытын шектеу.
Баланың эмоционалды жағдайын үнемі талқылау.
Балаңыздың интернеттегі достарын тексеру.
Еркін қарым-қатынас жасау үшін қауіпсіз орта құру.
Баланың іс-әрекетіне қатысу..
Сын тұрғысынан ойлауды және интернет қауіпсіздігін үйрету.
Ұсыныс:
1. Ата-ана балаларға барынша жақын болу
- Балаңыздың телефонындағы қосымшалар мен ойындарды тексеру.
- Интернетті пайдалану уақытын шектеу.
- Балаңыздың интернеттегі достарын тексеру
- Еркін қарым-қатынас жасау үшін қауіпсіз орта құру.