Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы АҚПАРАТ
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АҚПАРАТ
11 желтоқсан қараша күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.
- Қоймада тауар көршілестігі сақталмаған;
- Асблгогында нан үгіндісін жинауға арналған ыдыстың болмағандығы;
- Пісіру цехындағы механикалық желдетудің істен шығуы;
Тексеріс барысында комиссия тарапынан 40 орындық асхананың санитарлық талапқа сай қызмет жасап отырғаны, тағамдар бүгінгі бекітілген ас мәзіріне сәйкес дайындалғаны, тамақтану бөлмесінде қол жуатын орындарда қол сүртетін қағаз кептіргіштердің пайдаланылатыны, білім алушылар тамақтанар кезде қолдарын жуып, жеке гигиеналық талаптарды сақтайтыны, асханада тыйым салынған тағамдар мен өнімдер дайындалмайтыны, сатылмайтыны, сусымалы тағамдар арнайы ыдыстарда (контейнер) сақталатыны, жеткізілген тағам өнімдерінің пайдалану мерзіміне сәйкестігі, сонымен қатар сақтау қоймасында жеткізілген тағам өнімдерінің ыдыстарының сыртында өнім атаулары жазылған маркировкалардың жазылғандығы анықталды.
![](/uploads/posts/2024-01/1705381268_1705381204125.png)