2024-2025 оқу жылында оқушыларды бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында «Ашық есік күні»
№3 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 2024-2025 оқу жылында оқушыларды бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында
«Ашық есік күні» өтуі туралы
Ақпарат
Мерзімі: 16 қазан
2024-2025 оқу жылында №3 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша білім алушыларды мектеп асханасында бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында жұмыс жоспарына сай мектеп әкімшілігі 16 қазан күні бір мезгіл тегін тамақпен қамтылған білім алушылардың ата-аналарына «Ашық есік күні» іс-шарасын ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: ата-аналарға дұрыс тамақтану туралы әңгіме жүргізіп,күнделікті ас мәзірімен таныстыру, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен таныстыру. Ата-аналарға ұсынылған сауалнама арқылы жалпы асхана қызметіне көзқарасын анықтау.
Бір мезгіл ыстық тамақпен ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 95 бұйрығының
35-қосымшасын «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларынасәйкес аз қамтылған отбасынан шыққан 68 білім алушы бір мезгіл тегін тамақпен қамтылған. Оның ішінде: 1-4 сыныптар аралығы – 102, 5-9 сыныптар аралығындағы санаттағы оқушы саны- 44 оқушы. АӘК алатын 7 отбасынан 14 оқушы, алқалы орган шешімімен 21 отбасынан 54 оқушы. Жалпы мектеп асханасынан 146 оқушы екі ауысымға бөлініп, бекітілген кестеге сай тамақтанады.
Мектеп бойынша білім алушылардың бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысына жауапты әлеуметтік педагог А.Т.Алшабаева бірнеше ата-аналармен бірлесіп асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысы, балалардың тамақтануы мен олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігімен таныстырды.
Сонымен қатар ата-аналарға дайындалған «Тағамға ата-аналардың көзқарасы» анкетасы арқылы мониторинг жасау үшін сауалнама таратылды.
Сауалнама қазақ тілінде алынып, келген 5 ата-ана жауап берді. Нәтижесінде ата-аналар тарапынан асхана қызметі мен тамақтың сапасына жақсы баға беріліп, ата-аналар өз ұсыныстарын жаза кетті.
Соңынан ата-аналар аспазшыларға алғыстарын білдірді.
Ата-аналардан алынған «Тағамға ата-ана көзқарасы»
анкетасы туралы анықтама
Тақырыбы: «Тағамға ата-ана көзқарасы».
Мақсаты: Жасөспірімдердің дұрыс үйлесімді тамақтануын ұйымдастыру.
Дұрыс тамақтануды насихаттау мен білім алушылардың ата-аналарында салауатты тамақтану машықтарын қалыптастыру.
Өткізілген күні:16.10.2024 жыл.
Қатысқаны: 5 ата-ана.
1.Мектеп тағамын ұйымдастыру жүйесі Сізді қанағаттандырады ма?
Ия-5/100 Жоқ-0
2.Сіз мектеп ыстық тағамының ұйымдастырылуын ұтымды санайсыз ба?
Ия- 5/100 % Жоқ-0
3.Балаңызға мектеп асханасында тамақтану ұнайды ма?
Ия- 5/100% Жоқ-0
4.Әрдайым асханада мектеп ас мәзірімен танысу мүмкіндігіңіз болады ма?
Ия- 5/100% Жоқ-0
5.Мектеп асханасының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз
Қорытынды:
5 сұраққа ата-аналар «Тәтті шырын, соктар берілсе»; «Түрлі жемістерді мәзірге қосса», «Сүт, айран берілсе»; «Тәтті тоқаштар берілсе» деген сияқты өз ұсыныстарын білдірді. Асхана қызметкерлеріне, аспазға ата-аналар ризашылықтары мен алғыстарын айтты.
Орындаған:әлеуметтік педагог-А.Т.Алшабаева
№3 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың қазан айының 16 жұлдызында тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың ата –аналарынан «Тағамға ата-аналардың көзқарасы» тақырыбында алынған сауалнама қорытындысы.
Саулнама мақсаты : асхана ас мәзірінің тағамдарының ұйымдастыру жүйесі қанағаттандырама.
Сауалнама 16 қазан күні 1,2,3,4,5,6,8,9,10,11 сынып оқушыларының ата-аналарынан алынды.
Сауалнама 5 сұрақтан тұрады.
Сауалнамаға -5 ата-ана қатысты.
- Мектеп тағамының ұйымдастыру жүйесі Сізді қанағаттандыра ма?
-иә -100 пайыз
- Сіз мектеп тағамының ұймдастырылуын ұтымды санайсыз ба?
- Иә- 100 пайыз
- Балаңызға мектеп асханасынанда тамақтану ұнай ма?.
Ия -100 пайыз
- Әрдайым мектеп ас мәзірімен танысу мүмкіндігіңіз болады ма?
-Иә-100 пайыз
- жоқ
-кейде
- Мектеп асханасының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз?
Бесінші сұрақ бойынша ата-аналардың ұсыныстары: «Тәтті шырын, соктар берілсе»; «Түрлі жемістерді мәзірге қосса», «Сүт, айран берілсе»; «Тәтті тоқаштар берілсе»
Сауалнама нәтижесі бойынша ата-аналарға асхана ас мәзірі көңілдерінен шығатыны анықталды.
Әлеуметтік педагог: А.Т.Алшабаева
Тағамға ата-ана көзқарасы».
1.Мектеп тағамын ұйымдастыру жүйесі Сізді қанағаттандырады ма?
Ия-
Жоқ-
2.Сіз мектеп ыстық тағамының ұйымдастырылуын ұтымды санайсыз ба?
Ия-
Жоқ-
3.Балаңызға мектеп асханасында тамақтану ұнайды ма?
Ия-
Жоқ-
4.Әрдайым асханада мектеп ас мәзірімен танысу мүмкіндігіңіз болады ма?
Ия-
Жоқ-
5.Мектеп асханасының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз
Ия-
Жоқ-