Оқушы жетістігі
Жастар жылы ж ә не Кеңес әскерлері шектелген контингенттің Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткен «Айбын» жастар жиынында жалпы командалық есепте №3 ЖББМ құрама командасы І орынды иеленді. Кермеге тартылудан Малгелді Нұрым Нұрперзентұлы І орынды иеленді. Жеке тері қорғау құралдарын плащ түрінде киюден Мұстафаева Фергат ІІ орынды иеленді. Шалқадан жатып денені көтеруден Мырзахан Мерурет Маратқызы І орынды иеленді.