«Инабатты Ару-2019»
«Инабатты Ару-2019» Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Инабатты Ару – 2019» байқауына қош келдіңіздер!. Байқаудың мақсаты : Ұлттық құндылықтарымызды оқушылар арасында кеңінен насихаттай отырып,Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік-әдемілігі мен сұлулығын паш ету