Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауы
Қорытынды аттестаттау – білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім. Қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі Министрліктің «Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен анықталады. 2020 жылдың білім алушылары қорытынды аттестаттауды бес емтихан түрінде, оның ішінде біреуін таңдау бойынша тапсырады. 1)