№5 педагогикалық әдеп кеңесі өткізілді » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 5-47-94
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » №5 педагогикалық әдеп кеңесі өткізілді
23
май
2022

№5 педагогикалық әдеп кеңесі өткізілді

№3 жалпы орта білім беретін мектебінде мамыр айында кезекті №5 педагогикалық әдеп кеңесі өткізілді. Кеңеске барлық пед.ұжым 51 мұғалім қатысты.Әдеп кеңесінде 2 мәселе қаралды.Алғашқысы педагог бейнесі қандай болуы керек, тақырыбы бойынша қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасбекқызы Мақпал баяндама оқыды. Сонымен қатар, өзіңді - өзің тәрбиеле тақырыбы бойынша мектеп директоры Темирбекова А.Н сөз алды. Әдеп,тәрбие,мұғалім бейнесіне ұжымға түсіндірме жұмысы жүргізілді. Мектеп психологтары Алпысбаева Б. М және Ержигитова А. С педагогикалық әдеп кеңесінде ұжымның көңіл— күйлерін жақсарту, қарым—қатынасты нығайту, өзін еркін сезінуге көмектесу, ұжым ауызбіршілігін қалыптастыру мақсатында "Біз біргеміз" атты тренингін өткізді. Жалпы ұжым педагогикалық әдеп кеңесінде, өздерін еркін ұстап, ойларын ашық жеткізе білді.