№3ЖОББМ-нің 01.11.2021 ж өткен пед.кеңес туралы мәлімет » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 5-47-94
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » №3ЖОББМ-нің 01.11.2021 ж өткен пед.кеңес туралы мәлімет
01
ноябрь
2021

№3ЖОББМ-нің 01.11.2021 ж өткен пед.кеңес туралы мәлімет

  Қазақстан  Республикасының  27.12.2019 жылғы №293-VI қабылданған «Педагог мәртебесі  туралы» Заңын , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы11 мамырдағы №190 бұйрығымен таныстыру мақсатында 2021 жылы 2 қараша күні №3 Жалпы орта білім беретін мектепте педагогтар арасында «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері» деген тақырыпта коучинг өтті. Коучингтің мақсаты:  Педагогикалық этиканы қамтамасыз ету және сақтау.   Педагогтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу. Заңмен таныстыру болды. Коучингті мектептің көшбасшысы Оңалбаева Сауле Сайлауқызы өткізді. Коучинг барысында қатысушыларды үш топқа бөліп,коучингтің тақырыбымен, мақсатымен таныстырды. 

     Коучингтің І бөлімінде педагогтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 Бұйрыққа 1-қосымшасындағы Педагогикалық әдеп қағидалары туралы  танысты. Яғни, 1- тарау.Жалпы ережелермен, 2- тарауПедагогикалық әдептің негізгі қағидаттары туралы айтылды. 

    Коучингтің ІІ бөлімінде Педагогикалық әдептің негізгі нормалары  туралы айтылған  3- тарау бойынша топтарға тапсырмалар берілді.                                              

1- топ: Педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақытта,                                                                

2- топ: Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда,                                                                                                                              

 3- топ: Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагогтер қандай әдеп нормаларын сақтау керектігі туралы өз ойларын ортаға салып, өмірмен байланысты мысалдар келтірді. Әр топ өздерінің жасаған постерлерін қорғады. Топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалады.

   Коучингтің ІІІ бөлімінде, көшбасшы, бастауыш сынып мұғалімі Оңалбаева Сауле Сайлауқызы бүгінгі коучингті қорытындылады. Қатысушылар кері байланысқа шықты. Сөзінің соңын педагогиканың негізін салушы, тамаша педагог К.Д.Ушинскийдің мына сөзімен аяқтады. «Педагогика теориясын қанша жетік білгенімен, педагогикалық әдептің қыр-сырын  меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді»