Әдістемелік ұйымдастыру жұмыстары » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 5-47-94
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Әдістемелік ұйымдастыру жұмыстары
26
декабрь
2018

Әдістемелік ұйымдастыру жұмыстары

Әдістемелік ұйымдастыру жұмыстары: 
Мектептің әдістемелік бөлмесі – мұғалімдердің шығармашылық жұмыс негізі. 
 
Әдістемелік ұйымдастыру жұмыстары



Мемлекеттік білім саясаты, ең алдымен мектептер арқылы жүзеге асырылатыны айдан анық. Мұғалімнің міндеті-рухы мықты, жан дүниесі бай, жан-жақты жетілген, жеке тұлға қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Қазіргі мектептердің, біріншіден, практикалық қызметінде жинақталған барлық игіліктердің сақталуы, екіншіден, қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру, еліміздің материалдық – қаржылық ресурстарын әрі-қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндетерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтармен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет», деп атап көрсетілуі мектептегі оқу тәрбие үрдісіне жаңа бағыт сілтейді.

 




Әдістемелік қызмет – бұл оқу тәрбие жұмысының әдіс тәсілдерін игеру, оқу үрдісін ұйымдастыру мен қамтамасыз етудін негұрлым оңтайлы және тиімді жаңа формалары мен әдістерін іздеп табу, оларды оқу және тәрбие үрдісінде шығармашылық пен қолдану мақсаттарын көздейтін мектепте өткізілетін іс-шараларды көрсететін педагогикалық әрекеттің негізгі түрі.
Әдістемелік қызметтің тақырыбы: 
«Оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары» 
Мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты:
«Преподавателидің оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда кәсіби мен теориялық білім деңгейін көтеру ісіне ғылыми-әдістемелік көмек көрсету болып табылады »
Әдістемелік қызметтің міндеттері:
Мектептің педагогикалық ұжымы іс-әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру;
 Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
 Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, педагогтік қызметте жекелеген бір мәселеде қиналатын мұғалімдерге және т.б жеке бас ерекшелігін ескере диагностикаланған, сараланған негізде әдістемелік көмек көрсету;
 Басқа ғылыми және білім беру мекемелерімен кәсіби байланыс орнату;
 Преподаватели мен оқушыларды ғылыми зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру т.б.;

Күтілтін нәтиже:
Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі дамытып жетілдіретін шығармашыл мұғалім қалыптасады;
 Жеке тұлғаның білім алуға деген қызығушылығы оянады;
 Оқыту мен тәрбие сапасы көтеріледі, тұлғаның өзіндік дамуы қалыптасады;
ЕНТ – дің нәтижелігіне қол жеткізу.

Мектептегі педагог  кадрлардың сапалық құрамы:





Білім жетілдіру курсынан өткен мұғалімдер


    Педагог мамандарды аттестациялау қазіргі кезеңде     Қазақстан  Республикасы білім және ғылым министрлігінің    2016 жылғы 27 қаңтардағы №83  бұйрығына сай  «ҚР білім ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлерін аттестациялау тәртібі туралы ережесіне» сәйкес жүргізілді. Аттестация барысында мұғалімдердің педагогикалық әрекеттері кешенді бақылау, тексеруге алынды. 1 мұғалім өзінде бар жоғары санатта қалуға,1 мұғалім жоғары санатқа , 2 өзінде бар бірінші санатта қалуға өтініш білдірсе, 1 мұғалім өзінде бар екінші санатта қалуға , 3мұғалім екінші  санатқа өтуге, 1 мұғалім педагог- зерттеуші, 4 мұғалім педагог- сарапшы, 2 мұғалім педагог- модераторға    өтініш білдірді.  Педагог- сарапшыға тапсырған  бір мұғалім ғана  тест барысында білімін дәлелдей алмады.