Ыстық тамақ » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 5-47-94
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
19
ноябрь
2018

Ыстық тамақ

Мектептегі білім алушыларды  бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жағдайы туралы .
Қазіргі таңда өскелең ұрпақтың,яғни жасөспірімдердің денсаулығының мықты болуы кез келген қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны баршаға аян.Ал денсаулық көбіне әрбір адамның ұстанатын өмір қағидасымен тамақтанатын асына тікелей байланысты. Сол себепті мектеп оқушылардың тамақтану мәселесіне айрықша мән беріп,оның дұрыс жолға қойылуын қадағалауда ұстауымыз керек.
2018-2019 оқу жылында «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде 19 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Оқушылардың барлығы толық мектептен бір мезгіл ыстық тамақ ішуде.
Сонымен қатар мектептегі ата ана тарапынан ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны-322.
Мектепте мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініштің қабылдануы туралы хабарлама-есепті тіркеу журналы жүргізілген.Биылғы оқу жылында асханада «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылып, ыстық тамақтың сапасы тексеріліп отырылады. Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, тамақтың сапасын тексеру үшін жұмысшы (брокераж) тобы құрылып, күн сайын рейдтер жүргізіледі.
Айына бір рет ата-аналарға арналған ашық есік күндері өтеді. Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы күнделікті қадағаланып, оқушыларға берілетін тамақтың сапасы тексеріліп тұрады.


    


 



 

 

Похожие публикации:

20 ноябрь 2018 Тіл мерексі
19 февраль 2019 Тамақтану