19
август
2021
Ыстық тамақ 2021-2022 оқу жылы
№3 жалпы орта білім беретін мектебі
Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
2021-2022 оқу жылы
Тамақтану біз ойлайтындай күнделікті, майда-шүйде мәселе емес. Ол - тіршіліктің негізі болып саналатын ағзадағы зат алмасудың дұрыс жүруіне, ағзаның ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына, қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Сондықтан, мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Администрация пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен Жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады.
Мектепте білім алушылар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік тұрмыстық жағдайына байланысты жекелеген санаттары бойынша бөлінді.
Тамыз айында мектеп бойынша әлеуметтік жағдайы төмен 9 отбасынан өтініш келіп түсті. Нәтижесінде 16 бала тізімге алынып, 3 санатқа бөлінді.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отыбасыларынан шыққан 9 отбасы, 16 бала. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама қабылданды.
Отбасының материалдық- тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай –ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың көшірмесі. Отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде, ыстық тамаққа
жекелеген санаттар бойынша қабылданған құжат бойынша оқушылардың тізімі 19.08 күні №1 педагогикалық кеңесте бекітілді.
Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Биылғы оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығының 20 тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысына сәйкес бірыңғай ас мәзірі бекітіліп басшылыққа алынды. Мектеп асханасында азық-түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын қадағалау мақсатында ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп әкімшілігінің медицина қызметкерінің және басқа адамдардың қатысуымен тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады, құрамы 5 адамнан тұрады. Тамақтану үшін сабақ арасындағы 20 минуттық үзілістер ұйымдастырылған. Мектепте ата-аналармен ыстық тамақпен қамту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Тамыздың 15 күні жалпы ата-аналармен жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында ата-аналарға жаңа оқу жылында шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде мектепте таамақтандыруды ұйымдастыру ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің 2010 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысымен бекітілген мектеп тәртібіне қойылатын талаптармен таныстырылды. Мектеп асханасы биылғы оқу жылына дайындығы, ыдыс-аяқтармен толық жабдықталғандығы, әктеп-сырланғандығы туралы толық мағлұмат айтылды.