11 сынып жетекшілері ЕНТ туралы жиналыс жасады.
11 «А» сынып жетекшісі Усенбаева Ж.Б. бірінші мәселе бойынша сөз алды.
ЕНТ 5 пәннен 120 тапсырма беріледі. 3 пән міндетті (оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық) пәндер болып табылады. Барлығы 140 балл. Жалпы уақыт-240 минут беріледі. Шекті баллдар: 60 балл- ауыл шаруашылығы және биоресурстар ветеринария, 70 балл- денсаулық сақтау, 75 балл- педагогикалық ғылымдар, 65 балл- ұлттық ЖОО, 50 балл- қалған ЖОО.
ЕНТ-2023 грантқа түсу үшін 2 рет (мамыр-маусым), ақылы негізінде түсу үшін 3 рет (қаңтар,наурыз, тамыз) тапсыратындары бойынша және квоталар тізімі туралы да жете айтып өтті. «Серпін» бағдарламасына қай қалада оқитындары бойынша да түсіндіру жұмыстары айтылды. Сондай –ақ барлық жаңалықтар мен өзгерістерге де тоқталды.