1 қыркүйек "Білім күні" » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 5-47-94
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 1 қыркүйек "Білім күні"
01
сентябрь
2023

1 қыркүйек "Білім күні"

🔔🔔🔔 1 қыркүйек "Білім күні"
    №3жалпы орта білім беретін мектебімізде 1қыркүйек - Білім күні  «Әділетті Қазақстан:сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбымен салтанатты жиын өткізілді. Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. Өйткені Білім күні-өз мектебін сүйетін және сағынышқа толы бүлдіршіндердің дәстүрлі мерекесі.Қай кезеңде де қазақстандық қоғамда білім құндылығын жоғары дәріптеген.Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин балаларды оқу ілімге шақырды.Оның «Кел, балалар оқылық!» өлеңді де жастарды білім алуға шақырып, оқу, өнер, ғылым білімнің жалпы халық үшін даму жолы екендігін насихаттайды. Балалардың сауатты болуына үлкен үлес қосқан ағартушы А.Байтұрсынов та білім арқылы ұлт мәдениетін көтеруге, тіл тазалығын сақтауға аса ден қойды.Одан әрі қазақ зиялысы М.Дулатов қазақ халқының көзі ашық, білімді болуына баса мән беріп, жас баланың ойына,қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңген ұрпақ қана жасымайтынын айтқан. Сонымен қатар,жаңа оқу жылы атаулы оқиғаларға толы жыл екенін баса айтты. Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиынға арнайы білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы М.Ж.Қасымова сөз сөйлеп құттықтады.