15
март
2021
"Бауырсақ party" байқауы
"Бауырсақ party" атты байқау
№3 ЖОББ мектебінде 1 сынып оқушылары арасында Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай "Бауырсақ party" байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: Жас ұрпаққа ұлттық тағамдарымыздың бірі нанды, бауырсақты қадірлеп, қастерлеуді үйрету. Ұлттық бауырсағымызды жас ұрпаққа дәріптеу. Байқауға 1 сынып оқушылары анаоарымен қатысты. байқауда аналар балаларымен бірге бауырсақты таныстырып, оның құрамымен жасалу жолын түсіндірді. Байқаудың соңында аналарымыз өздері пісіріп келген бауырсақтарын мектеп оқушыларына жақсы тілектерін айту арқылы таратып берді. Байқауға қатысқан аналары мен балалары алғыс хаттармен марапатталды. ![](http://3-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2021-03/1616643644_risunok1.png)
![](http://3-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2021-03/1616643604_risunok2.png)
![](http://3-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2021-03/1616643576_risunok3.png)
![](http://3-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2021-03/1616643655_risunok4.png)
![](http://3-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2021-03/1616643611_risunok5.png)