Оқушы жетістігі » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 5-47-94
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
12
декабрь
2018

Оқушы жетістігі

Болашағынан жарқын үміт күттірген балғын қыз Балым

       «Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекке оның барлық өміріне апат әкеледі», – депті Әл-Фараби бабамыз. Халқымыз бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлген, жақсы қасиеттерге баулып, жаманнан жеріндіріп отырған. Сол себепті де оқушылармен ғылыми жұмыстар жасау танымдық біліктілікті арттыру мен қатар өзіндік ізденімпаздыққа баулиды. Баланың өзіндік көзқарасының қалыптасуына әсер етіп, білімді де тәрбиелі болып шығуына зор әсерін тигізеді.
        Осыған орай жуырда ауданымызда өткізілген «ІІІ Шерхан Мұртаза оқулары » байқауына мектебімізден 11 сынып оқушысы Бимұрат Балым қатысып, ІІ орын дипломымен марапатталды. Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе » роман-эпопеясын оқи отыра Тұрар бейнесін ашуға өзіндік батыл тұжырымдар жасап, ғылыми жоба қорғады.
        Оқушының тақырыпты барынша тыңғылықты, жіті қарастырып, көп еңбектенгені көрінеді. Балым, аталмыш тақырыптың бұрын карастырылмағандығына қарамастан нәтижелі еңбек жасады.
        Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Усенбаева Жұлдыз Беделбайқызы да Алғыс хатпен марапатталды.
 Осындай тың да күрделі тақырыпты барынша аша білгендігіне қарап, оның болашағынан үлкен үміт күтуге болады деп сенім артқан ауданымыз облысқа жолдама берді

Оқушы жетістігі




Похожие публикации:

12 декабрь 2018 Оқушы жетістігі
20 ноябрь 2018 Тіл мерексі