Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу
Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау туралы анықтама
2021 жылдың 16-17 қазан күндері мектеп мед бикесі А.Ашимбаева ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау мақсатында тексеру жүргізілді. Тексеру барысында ас блогының қызметшілерінің киімінің, қолының тазалығына баса назар аударылды.
Сондай - ақ мектеп асханасындағы азық- түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын бракераждық комиссия мүшелері бақылауда. Бракераждық комиссия мүшелері жеткізілген азық-түліктердің сапасын тексеріп, қабылдап және тамақтың сапасын, санитарлық талаптарға сай болуын қадағалауда. Медбике А.Ашимбаева аспазшыдан дайындалған тағамның тәуліктік сынамасын алып отырады. Комиссия мүшелері тарапынан мектепке жеткізілген азық – түліктердің сапасы, тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі қадағаланып, қолданысқа беріліп отыр.
![](http://3-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2021-11/1637042860_1637042684786.png)