Ыстық тамақты ұйымдастыру » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 5-47-94
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Ыстық тамақты ұйымдастыру
05
сентябрь
2022

Ыстық тамақты ұйымдастыру

2022-2023 оқу жылындағы  мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру  туралы  

АНЫҚТАМА


Мақсаты:Аз қамсыздандырылған отбасы балаларына мемлекет тарапынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету.

       Мектеп асханасында ыстық тамақпен қамту жұмыстары ұйымдастырылып, асхана жұмысын бақылау жауапкершілігі  жүктелген мектеп қызметкері бұйрықпен тағайындалды.

"Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысын негізге ала отырып, 22 отбасынан 61 білім алушылардың құжаттары жинақталып, ата аналарынан өтініштері алынды. 

           Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру - олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабаққа үлгеру қабілетін арттырады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына сәйкес «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мектебімізде осы айтылған дәйектерді басшылыққа ала отырып, 2022-2023 оқу жылының басында оқушыларға сапалы теңгерімді ыстық тамақпен қамту ұйымдастырылып, қазіргі таңда атаулы әлеуметтік көмек алатын 22 отбасындағы 61 білім алушы мектеп асханасынан бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып отыр.