Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі
Дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі
«Біздің барлық емдеу құралдарымыз
азық-түлік заттары болуы керек, ал
азық-түлік заттары емдік
заттар болуы керек».
Гиппократ
Дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудің басты факторы болып табылады. Қазіргі жағдайлардағы экологиялық ортаның бұзылуы, организмге қажет компоненттердің жеткіліксіздігі, дұрыс тамақтанбау, сапасы төмен азықтарды пайдалану адам ағзасының,яғни иммунитетінің әлсіреуіне алып келеді. Ал ол өз кезегінде елімізде түрлі аурулардың көбеюіне алып келеді.
Дұрыс тамақтанудың көрсетілген негізгі принциптерін сақтау оны құнды етеді.
Тамақтанудың белгілі бір ережелері бар:
1) ұстамды жеу керек;
2) тамақ құнды болуы керек: онда жеткілікті көлемде белоктар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер бар болуы керек;
3) тамақтану режимін сақтау қажет.
Тамақтану режимінде төрт негізгі принципті ажыратқан дұрыс:
- Жиілік, яғни, тамақты үнемі бір тәулік уақытында қабылдау.
- Тәулік барысында тамақтанудың кезеңдерін сақтау керек. Сау адамға үш немесе төрт кезеңдік тамақтану ұсынылады, атап айтсақ: таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және ұйқы алдында бір стакан айран.
- Әрбір тамақтанған кезде дұрыс тамақтануды барынша сақтау қажет. Бұл, тамақты әрбір қабылдаған кезде азық-түліктер жинағы организмге белоктарды, майларды, көмірсуларды, сонымен қатар витаминдер мен минералды заттарды қолайлы ара қатынаста жеткізу тұрғысынан ойланып істелінуі керек.
- Бір күнде тамақ ішу бойынша физиологиялық негізделіп бөлінуі. Төрт мезгіл тамақтану едәуір жағымды: жұмысқа немесе сабаққа дейін тоқ тамақ (күндіз дұрыс тамақтанудың жалпы калориялылығының 25-30 %), жұмыс немесе сабақ арасындағы үзілісте жеңіл екінші таңғы ас (жалпы калориялылықтың 10-15 % ), құнарлы түскі ас (калориялылықтың 35-40 %), салыстырмалы жеңіл кешкі ас (жалпы калориялылықтың 15-20 %)
Тамақтану режимімен қатар, кейбір психологиялық ережелерді сақтау артық болмайды.
*Үстелге шаршаған күйде отырмаңыз. Қалай аш болсаңыз да, ең болмағанда 10 минут демала тұрыңыз.
*Ашулы, шошынған күйде, қайғылы сезімдерге берілгенде тамақ ішпеңіз.
*Өзіңізге қатты ұнамайтын адаммен бірге үстел басына бірге отырмаңыз.
*Егер сізге қандай да бір тағам ұнамаған болса, пайдалы болса да оны татып көруге болмайды. Сізге ол бәрібір пайдасын тигізбейді.
*Қарныңыз ашқанша үстелге отырмаңыз.
Халық даналығында айтылғандай: «Жануарлар қанығады, адам жейді, ал ақылды адам тамақтана біледі» дегендей дұрыс тамақтана білу қажет.