Қорытынды аттестаттау » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қорытынды аттестаттау
11
февраль
2021

Қорытынды аттестаттау

№3 жалпы білім беретін мектебінің 9,11 сынып   мектеп бітірушілерімен қорытынды аттестаттауға дайындау жұмыстарының орындалуы туралы ақпарат

2020-2021 оқу жылында мектеп бітіруші 9 сынып -2, ондағы оқушы саны-38.  11сынып -1, ондағы оқушы саны-17. 9 сыныптарда үздік аттестатқа үміткерлер саны-8, 11 сыныптағы үміткер саны-4.

«Орта, техникалық және кәсіптік ,орта   білімнен кейінгі  білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың   үлгеріміне  ағымдағы бақылауды, оларды аралық және  қорытынды аттестаттауды өткізудің  үлгілік қағидаларын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым  министрінің 2008 жылғы  18 наурыздағы №125 бұйрығына ензілген өзгерістерді және   Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Короновирустық инфекцияның   таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру  ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» 2020 жылғы  13 тамыздағы №345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №548 шығыс хатының негізінде, І қосымшамен берілген Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты  шектеу шаралары кезеңінде  орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың негізінде  мектепте санитарлық-эпидемиологиялық  жағдайды сақтай  отырып 9,11 сыныптарды қорытынды аттестаттауға дайындауда төмендегідей іс шаралар атқарылуда:

Оқу жылының басынан  дайындық кестесі бекітіліп, І,ІІ-ші тоқсандарда оқушылармен онлайн түрінде дайындық жұмысы жүргізілді. Айына 2 рет барлық санитарлық жағдайды сақтай отырып, бақылау жұмыстары мен тест жұмыстары алынып, ай сайын білім сапасына мониторинг жасалды. 

І қосымшамен берілген Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты  шектеу шаралары кезеңінде  орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың І-тарауы,6 тармақшасына сәйкес мектепте 9,11 сынып оқушыларына білім шығынын қалпына келтіру үшін ІІІ-ші тоқсаннан  5 оқушыға дейінгі топтар құрылып, жеке кеңес беру мақсатындағы қосымша сабақтар ұйымдастырылды.

Оқушылардың  үлгеріміне әр пән мұғалімі жеке түрде және мектепішілік мониторинг жүргізілуде және нәтижесі ата анларға таныстырылды. Оқушылардың алынған сынама тест бақылау жұмыстарының қорытындысы  әр ай сайын директор жанындағы кеңесте қаралды. 

Білім алушылардың ата-аналарымен келісе отырып, каникул кезінде дайындық сабақтары ұйымдастырылды.

Оқушылардың оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою бойынша қосымша сабақтарды, шағын топтармен жұмысты ұйымдастыру туралы 6.01.2021 педагогикалық кеңесте қаралып, әр пән мұғаліміне оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою бойынша жұмыс жасау тапсырылды. Сонымен қатар осы педкеңесте «Гуманитарлық пәндер бойынша оқуушыларды қорытынды аттестаттауға дайындау жағдайы» тақырыбында мәселе қаралды.

  Оқушылардың оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстарын жою бойынша жұмысты ұйымдастыруда қазақ тілі және әдебиеті пәнінен Даниярова Индира жүйелі жұмыс жүргізуде. Ол оқушыларды эссе жазу талаптарымен таныстыра отырып, әдеби кітаптарды пайдалана отырып, эссе жазу дағдыларына және ұлттық біріңғай тестілеуде оқу сауаттылығы пәні бойынша білімдерін кеңейтті. Атап айтқанда қорытынды аттестаттауға дайындық барысында «Жамбыл шығармалары-халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі екендігін дәлелдеп жазыңыз» тақырыбында әдеби эссе жұмысын видеосабақ ретінде youtube (https://youtu.be/ZjJXu5j_HeYканалына жүктеп оқушылардың өз бетінше дайындалуына бағыт берді.

Алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша оқушыларды қорытынды аттестаттауға  дайындауда  Мырсейтов Азамат (https://www.facebook.com/photo?fbid= 258428485725547&set= a. 191000095801720),    тарих пәнінің мұғалімі  Төретаев Жәнібек жүйелі жұмыс атқаруда.



                                  Мектеп директоры:                                    Саурбаев Е.Қ