29
ноябрь
2018
Олимпиада қорытындысы
Мектепішілік және аудандық пәндер олимпиадасына қатысу қорытындысы туралы мәлімет
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің қатынас хатына сәйкес және дарынды балаларды анықтау , оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, пәндік білімдерін тереңдету мақсатында мектепішілік пәндер олимпиадасы кесте бойынша І туры 26.11.2018 ж күні, ІІ туры 27.11.2018 ж күні өткізілді. Олимпиада материалдары тексеріліп, мектеп директорымен бекітілді. Олимпиада кесте бойынша өткізілді. Олимпиада пакеттері мектеп директоры Е.К.Саурбаев және комиссия мүшелерінің қатысуымен ашылды. Оқушы жұмыстары ережеге сай оқушы дәптерлеріне орындалды. Мектепішілік олимпиаданың І турына 8-11 сынып аралығында 106 оқушы қатыстырылып, 45 оқушы ІІ турға өткізілді. ІІ турға қатыстырылған 45 оқушының 14 –і аудандық пәндер олимпиадасына жолдама алды. Оқушылар алған ұпайлары мен бағаларын саралай келе кейбір оқушылардың пәндік сауаттылықтарының әлі де төмен екендігі анықталып, білім сапасының төмендігіне көз жеткізілді. Мысалы, орыс тілі пәнінің мұғалімдері П.С.Таматаева , Ш.У.Саурыкова олимпиада резервтерін дайындап жүрсе де , бір де бір оқушылары аудандық пәндер олимпиадасына жолдама ала алмады.
Мектепішілік олимпиада жаңімпаздары төмендегі оқушылар:
Аудандық пәндер олимпиадасы желтоқсан айының 6-7 күндері өткізіліп, қатыстырылған оқушының 14 оқушысы аудандық олимпиаданың ІІ кезеңіне жолдама алып, оның 11- і жүлделі орындарға ие болды.
Аудандық олимпиада жаңімпаздары төмендегі оқушылар:
3 жылдық салыстырмалы көрсеткіш
3 жылдық олимпиаданың білім сапасы
3 жылдық қатысу көрсеткіші
Ұсыныс:
1.Пән мұғалімдері дарынды балаларды олимпиадаға дайындауда жыл бойы
жұмыс жүргізілсін.
2. Дарынды оқушылардың дарындылығы және талантты балаларды анықтауға
барлық жағдайлар жасалынсын.
Дайындаған: ДҒӘІЖО Акбузауова Ф.Ж